Әбікен
Бектұров

(1901-1985 жж.)

Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі,
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері

Өмірбаяны

Toraighyrov University

Бектұров Әбікен Бектұрұлы 1901 ж. 25 желтоқсанында Павлодар облысының Баянауыл ауданының №8 ауылында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын, Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.

1935 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы, факультет деканы, Химия ғылымдары институтының директоры, анорганикалық синтез зертханасының және анорганикалық химия бөлімінің меңгерушісі, атқарды. Академик Қазақ мемлекеттік университеті химия факультетінің бірінші деканы, республикада химиядан білім берудің ізашарларының бірі, Химия ғылымдары институтын құрушы және оның бірінші басшысы, сондай-ақ республиканың бірінші академигі Қаныш Сәтбаевпен бірге Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі болды.

Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері минералды тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып енгізді, Қаратау фосфоритінен минералды тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі. Академиктің 400-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 3 монографиясы жарық көрген және 30-дан астам өнертабысы бар. Оның жетекшілігімен 40-тан астам ғылым кандидаты және көптеген докторы диссертация қорғады.

1986 жылдан бастап дәстүрлі Бектұров оқулары өтіп тұрады. 2001 жылы ұлы ғалымның туғанына 100 жыл толуына орай «Ә.Бектұров аса көрнекті ғалым, Қазақстанда химия ғылымының және білімінің негізін қалаушы» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті. 1991 жылы Химия ғылымдары институтына, Павлодар қаласының орталық көшелерінің біріне ғалымның есімі берілді. 2008 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында ескерткіші ашылды. «Ленин», «Қазан төңкерісі», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен, Құрмет грамоталарымен маратталған.

Еңбектері

Toraighyrov University

Развитие неорганической химии в Казахстане

Толық нұсқасын сақтау

Развитие химической науки в Казахстане

Толық нұсқасын сақтау

Исследование в области химии и технологии неорганических веществ

Толық нұсқасын сақтау

Есімі - ел есінде

Toraighyrov University

110 жыл

Toraighyrov University
Жабу

Павлодар қаласында атақты ғалым Әбікен Бектұровтың 110 жылдығы аталып өтті

ПАВЛОДАР. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласында академик Әбікен Бектұровтың ескерткішіне гүл қойылды.

Оған оқытушылар мен студенттер, ғалымның туыстары сондай-ақ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары келді. Айта кетейік, өткізіліп отырған шара атақты ғалымның ғылыми шығармашылығына арналған.

«Ә. Бектұровтың еткен еңбегі бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ, - деп атап өтті Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арын. - Ол Қаныш Сәтбаев, Әлікей Марғұлан сынды атақты ғалымдармен бірге Қазақстанның ғылымын құрып, өзіндік үлесін қосқан ірі химик ғалым және ұйымдастырушы болды».

Бүгінгі күні ғалымның туған жерінде химия саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, Павлодар қаласында мұнайхимиялық зауыттың жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Онда мембраналық тәсілмен сода және хлор шығаратын жаңа өндіріс орны іске қосылды. Айта кетейік, бұл республикамызда салынған полистирол және метил-трет-бутилдік эфир шығаратын алғашқы кәсіпорын. Сондай-ақ жаңа химия өнімдерін шығаратын экономикалық аймақ құрылып жатыр.

Облыс орталығындағы көшелердің біріне атақты ғалымның есімі беріліп, мемлекеттік университеттің аумағында Ә. Бектұровтың ескерткіші қойылған. Оған қоса, академик Бектұров атындағы шәкіртақы тағайындалған.

Toraighyrov University

Институт

Toraighyrov University
Жабу

Институт

Химия ғылымдарының институты 1945 жылы мамыр айында Химия-металлургиялық институт химиялық лабораториясының негізінде ұйымдастырылды және 1946 жылы басқа ғылыми-зерттеу институттарымен бірге ұйымдастырылған Қазақ ССР ғылым Академиясының құрамына кірді.

Институттың алғашқы директоры 1945–1946 жж. академик М.И.Горяев, 1946–1968 жж. профессор, академик Ә.Б.Бектұров, 1968–1988 жж. академик Б.А.Жұбанов болды. 1988 жылдан академик Е.Е.Ерғожин басшылық етеді.

1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады.

Toraighyrov University

Көше

Toraighyrov University
Жабу

Бек­тұров атын­дағы көше (Ал­ма­ты)

Көше­ге мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, тех­ни­ка ғылым­да­рының док­то­ры, про­фес­сор, Қазақстан Ғылым Ака­деми­ясы­ның ака­демигі, Қазақстан­ның еңбек сіңірген ғылым қай­рат­кері Әбікен Бектұрұлы Бектұров­тың есімі берілген.

Көше Ме­деу ауда­нын­да ор­на­ласқан. Көшенің ұзын­дығы — 700 метр

Toraighyrov University

Ескерткіш

Toraighyrov University
Жабу

Академик Ә.Бектұровқа туған жері – Баянауылда жерлестері ескерткіш орнатты

Павлодар облысының Баянауыл ауылында қазақтың көрнекті ғалымы, академик Әбікен Бектұровқа (1901-1985) ескерткіш ашылды.

Ә.Бектұров - химия саласындағы зерттеулермен айналысқан, минералдар мен табиғи тұздарды өңдеу технологиясын жасаған ғалым.

Академиктің шәкірттерімен бірге ескерткіштің ашылу рәсіміне келген институт директоры Қажымұқан Арынов, Қазақстан ғылымын дамытудағы Ә.Бектұровтың ролін, қазіргі заманғы ғалымдар үшін оның еңбектерінің маңызын атап көрсетті.

Ғалымның тастан қашалған ескерткіші Баянауыл жерінде дүниеге келген танымал қазақстандықтарға арналған монументтер галлереясын толықтырып отыр.

01.07.2008

Toraighyrov University

Көше атауының өзгертілуі

Toraighyrov University
Жабу

Көше атауының өзгертілуі

Советтер көшесі - Әбікен Бектұров болып өзгертілуіне Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын көп күш салды.

Toraighyrov University

Марапаттаулар

Toraighyrov University

Ленин ордені

"Октябрь революциясы" ордені

“Құрмет белгісі” ордені